Оның ақпараты бойынша, тестілеу барысында шекті 50 баллды 14 252 түлек жинай алмаған.
«Ағымдағы жылы шекті деңгейден өте алмаған түлектер ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін, қайта кешенді тестілеуден өтуге құқылы. Аталған тестілеу түріне қатысу үшін өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары 1-і мен 8 тамыз аралығында жүзеге асырады. Тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі», - деп атап өтті ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның мәліметтері бойынша, биыл ең жоғары 125 баллды 19 бала жинады. 2015 жылы 5 мектеп түлегі ғана жинаған болатын. 100 баллдан астам жинаған балалар саны - 16 565.