Қазақ тілінен тестілеуге қатысқан 28 795 мектеп бітірушінің: 25 855-і (89,8%) - "4" пен "5"-ке тапсырды; 2867 бітірушіде (9,9%) - «3» деген баға,
73 бала (0,25%) 0-3 аралығында балл жинап, «2» алған.
Өткен 2012 жылмен салыстырғанда «3»-ке тапсырғандар 732 оқушыға, ал «2» алғандар саны 45 балаға азайған.
2013 жылы ҰБТ-ге қатысқан мектеп бітірушілердің қазақ тілінен үлгерім деңгейі 99,7%, білім сапасы - 89,8 % құраған.
Айта кетейік, орыс және басқа ұлт өкілдері қатарында мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік тілден оқушылардың Республикалық олимпиадасында, конкурстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген, тіпті болашақ мамандықтарын қазақ тілімен байланыстыратын балалар саны аз емес.