Тест 69 пункт базасында тапсырылды.
Тәртіп бұзғаны үшін 10 талапкер аудиториядан шығарылды.
Тест тапсырушылардан 11 046 ұялы телефон, 7 533 шпаргалка, 438 калькулятор, 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флешка, 17 wi-fi табылған.
Үшінші күннің қорытындысы бойынша, еш түлек ең жоғары 125 баллды жинай алған жоқ.
4 018 түлек (16,7%) 100-ден астам балл жинаған, 2013 жылы 3 231 түлек (12,6%) мұндай нәтижеге қол жеткізген болатын.
Үшінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 77,1-ді құраған (2013 жылы - 74,8 балл).
Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 5 829 (24,2%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 7 436 (29%) болған.
«ҰБТ жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті», - делінген хабарламада.