Ұлттық бірыңғай тестілеуді келесі екі кезеңге бөлу ескерілген: Ұлттық тестілеу (ҰТ) және Кешенді тестілеу (КТ).
«Бірінші кезеңде (ҰТ) логикалық тест тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылық тексеріледі. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу жыл сайын өзгертілетін 5 пән бойынша өткізіледі. Бітірушілердің ойларын сауатты жеткізуін тексеру мақсатында эссе жазғызу қарастырылады», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Екінші кезеңде (КТ) талапкерлер ЖОО-ға тәуелсіз тестілеу арқылы таңдаған мамандығына сәйкес екі пәннен құралған блокты тапсырады.
Тестілеу заманауи ақпараттық иновациялық технологиялар арқылы өткізіледі.