ҰБТ: Орташа балл былтырғыға қарағанда жоғары болды - Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Биыл еліміздегі Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 74,5 балды құрап, былтырғыға қарағанда 3,6-ке жоғары болды.

Былтыр бұл көрсеткіш 70,9 балды құраған болатын. Бүгін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов БАҚ өкілдеріне берген эксклюзивті сұхбатында осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 155 тест тапсыру орындарында өткізілді. 99 565 түлек тест тапсыруға өтініш берген. Оның 95 485-сі қатысты.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша ең жоғары көрсеткішке Алматы және Астана қалалары қол жеткізіп отыр. Соның ішінде Алматыда орташа балл көрсеткіші 85, ал Астанада 81 балды құрады»,-деді Б. Жұмағұлов