«ҰБТ барлық санитарлық нормаларға сай өткізіледі. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизормен, дезинфекциялық тоннельмен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшемен, медициналық бекетпен, санитайзермен және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі», - деп хабарланды министрліктің facebook парақшасында .
Жарияланыммен бірге ҰБТ тапсыратын талапкерге нұсқаулық видеосы да әзірленген.
Айта кетейік, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады. Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам болады. Аудитория тек 35% дейін толтырылады. Тұтас ҰБТ барысын онлайн бақылауға болады.