ҰБТ тапсыру электронды жүйеге көшіріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тест трансформацияланады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БізҰлттық бірыңғай тестілеу процедурасын трансформациялауды жоспарлап отырмыз. Осыретте оқушылардың жүйені алдау жолдарын іздеу фактілерінің орын алып отырғандығын атап өткім келеді.Телефон алып кіріп, өзінің білімі мен дағдысымен емес, басқа да қосымша құрылғылардыңкөмегімен көбірек балл алуды ойлайды», - деді ол.

Осы реттеминистр алдағы уақытта ҰБТ тапсыру жүйесі өзгеріске ұшырауы мүмкін екенінайтты.

«Бұл ретте біз Ұлттық бірыңғай тесттапсыруды біртіндеп электронды жүйеге көшіруді жоспарлап отырмыз. Мұндай ойымызбар. Бізге ҰБТ гранттарды бөлудің ашықтығы мен әділдігіне кепіл беруіқажет», - деді А.Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар