«ҰБТ тапсыруға құжат қабылдаудың алғашқы күнінде 114 мыңға жуық өтініш түсті» деп мәлім етті ведомстводан.
Еске сала кетейік, кеше кешкісін негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталған еді.
Ол 14 мамырға дейін жалғасады.
ҰБТ-ға қатысу үшін орталықтың ресми сайтында тіркеуден өтуге болады.
Тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді.
Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.
Биылғы ҰБТ қалай өтетінін бұған дейін түсіндірген болатынбыз.