ҰБТ: Төрт күн ішінде 5 қазақстандық түлек 125 балдан алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт күннің қорытындысы бойынша ҰБТ-дан 5 қазақстандық түлек 125 балдан алды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰБТ 165 бекет бойынша өткізілді. Тестілеуге 74 371 өтініш бергендердің ішінен (95%) 70 598 түлек қатысты. Орта балл - 79,7. 100 балдан жоғары нәтижені 14 454 (17,6%) түлек алды. 125 балды 5 оқушы алды: Ердосова Гүлназ Жандосқызы- Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мустафина Риана Еркінқызы- Астана қ. №59 мектеп-лицейі; Самат Сымбат Куанышқызы-БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова - ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі; Яковлева Анастасия Владимировна- Алматы қ. №90 лицейі.

50 балдық шеткі деңгейді 12 874 түлек (18,2 %) тапсыра алмады.

Тестілеу нәтижесі ҰБТ өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілінумен қатар Ұлттық тестілеу орталығы сайтына да енгізіледі www.testcenter.kz.