— Байқаушылар мен журналистер фото және видео түсіру барысында дауыс беру құпиясын сақтауға міндетті. Сондай-ақ азаматтардың жеке деректерін таратпауы және комиссия мүшелерінің жұмысы мен дауыс беру барысына кедергі жасамауы тиіс, — делінген хабарламада.
Айта кетейік бұған дейін референдумға 38 шетелден 133 байқаушы және 11 халықаралық ұйымнан 226 байқаушы аккредитациядан өткенін жазғанбыз. Халықаралық байқаушылардың жалпы саны — 359 адам.
Сонымен бірге референдум күні 31 шет мемлекеттің 68 бұқаралық ақпарат құралының 185 қызметкері ақпарат тарататынын хабарлағанбыз.