Ол елорда полициясын азаматтардың шақыртуларына жедел әрекет етуге шақырды.
«Полицияның учаскелік инспекторлары жұмысына да тоқталған жөн. Бұл бағытта өзгерістер елеулі болмай тұр. Учаскелік қызметтердің халықтық қызметтермен өзара іс-қимылы деңгейін арттыру туралы прокуратураның көтерген мәселесіне 1,5 жыл өтті. Әкімшілік полиция басшылығына тұрғындардың өтініштеріне инспекторлардың әрекетсіздігі тұрғысында нақты фактілер келтірілген болатын»,-деді Т. Сүлейменов
Осы орайда ол Қ. Садуов есімді адам мектепте жұмыс істеген бұрынғы зайыбының үстіне бензин құйып, өртеп жіберу фактісі бойынша қайғылы оқиғасын еске салды. Мұғалім алған жарақаттарынан көз жұмған болатын.
«Алайда, жәбірленуші осы оқиғаның алдында бір ай бойы учаскелік инспекторларға бірнеше мәрте бұрынғы күйеуінің тарапынан болған түрлі әрекеттерге шағымданғанын көбі біле бермейді. Инспектордың кәсіби сауатсыздығының салдарынан бұл арыздардың барлығы тиісті әрекетсіз қалды»,-деді прокуратура өкілі.
Осы орайда ол учаскелік инспекторлардың енжар іс-қимылдары жайында фактілер көптеп кездесетінін сөз етті.
Бұл тұрғыда Т. Сүлейменов тұрғындар арасында жүргізілген анкеталық сауалнаманың нәтижесін баяндап берді. «Сауалнамаға қатысқан 3,5 мың респондеттерді сұрау кезінде олардың 70 пайызы өздерінің инспекторларын білмейтіндігін айтқан»,-деді ол.