«Қарапайым азаматтарға қамқор болып, олардың мәселесін шешу үшін учаскелік инспекторлардың рөлі күшейтіледі. Президент атап көрсеткендей, учаскелік полиция халықтың арасында жүруі тиіс. Ол үшін штат санын нығайту, материалдық-техникалық жағынан күшейту, учаскелік пункттермен қамтамасыз ету қажет. Сосын олардың мәртебесін заңмен бекіткен дұрыс», - деді министр Үкімет отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, елімізде 2 мың 800 учаскелік полиция пункттің тең жартысы жөндеуді қажет етеді. Қосымша 279 учаскелік пункт салып, қызметтік автокөлік сатып алу қажет.