УЕФА Еуропа лигасы: «Ақтөбенің» келесі қарсыласы - молдовалық «Милсами» командасы

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтары аясында екінші айналымға шыққан Қазақстанның «Ақтөбе» командасы келесі ойында молдовалық «Милсами» командасымен күш сынасады.

Турнирге екінші айналымнан бастап қатысқалы жатқан «Милсами» командасы күні кеше ғана Молдавияның Суперкубогын жеңіп алды. Ақтық сындарда олар «Шериф» құрамасымен кездесіп, пенальти сериясы бойынша 6:5 есебімен жеңіске жетті. «Ақтөбе» болса, УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтары аясындағы алғашқы кездесуде Гурзияның «Торпедо» комадасын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, екінші айналымға жолдама алған болатын.

Енді, шілденің 19-ы күні біздің футболшылар Молдовада «Милсами» командасымен кездеседі. Екінші ойын шілденің 26-сы күні Ақтөбе қаласында өтеді.