НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы қазақстандық «Астананың» өз алаңында Финляндияның КуПС командасымен кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске салсақ, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Сондықтан бүгінгі ойында екі команданың бірі жеңіске жетуі тиіс болатын. Тағы тең нәтиже тіркелсе ойын овертайм немесе пенальти арқылы шешіледі.
Екі команда да сол қағидаға сүйеніп, бірден алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде «Астана» сапынан Тигран Барсегян 4, Абат Айымбетов 41-минуттарда мергендік танытты.
Сондай-ақ, бүгін аталған турнирде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Словакияның «Жилина» командасымен кездеседі.
Ал Қарағандының «Шахтері» Украинаның «Колос» командасын орта жолда қалдырып кетті.
Ал Еуропа лигасында Алматының «Қайраты» сырт алаңда Арменияның «Аслашкертімен» шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.