13:14, 12 Тамыз 2021 | GMT +6
UEFA Еуропа лигасы: «Қайраттың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 тамызда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде 0:0 есебі тіркелді.
Екі команда 2015 жылы Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында кездескен еді. Өз алаңында қазақстандық клуб 3:0 есебімен жеңсе, сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандықтар жарысты жалғастырған болатын.
Алматылық команда биыл еурокубокты Чемпиондар лигасында бастаған болатын. Алматылық команда бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасын (2:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті.
Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» командасына (2:1, 0:5) есе жіберіп қойды.