УЕФА іріктеу турнирінің ережелерін өзгертуі мүмкін
07:30, 12 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу тәртібін өзгертуді көздеп отыр.
Report агенттігінің мәліметінше, ұйым ойындарға трансляциялау құқығын сатудан түсетін кірістің азаюына наразы. Сондықтан іріктеу турнирлерін өткізу формуласын өзгертуге дайын.
Атап айтқанда, Ұлттар лигасын әлем чемпионаты немесе Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі ретінде пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс тобы бір лига кестесі бар швейцариялық үлгіні енгізу мәселесін талқылап жатыр. Бұл формат өткен маусымнан бастап еуропалық жарыстарда қолданылып келеді.
Бұған дейін FIFA пенальтидің ережесін өзгертуді жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.