Айта кетсек, жарыстың аталған сатысында Италия, Испания, Бельгия және Франция құрамалары сынға түседі.
6 қазанда Италия мен Испания құрамалары шеберлік байқасса, 7 қазанда Бельгия мен Франция құрамалары жасыл алаңға шығады.
Аталған екі ойын елорда уақытымен 00:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жеңімпаздар 10 қазанда финалда кездессе, дәл сол күні 3-орын үшін сайыс өткізіледі.
2020/21 жылғы кезеңде Қазақстан құрамасы А тобында Албания, Беларусь және Литва құрамаларымен ойнап, төртінші орынды місе тұтты.
Енді қазақстандық футболшылар 2022 жылдың 24 және 28 наурыз күндері өтпелі кезең ойындарын өтізеді. Жеңген құрама С лигасында қалады.
Ұлттар Лигасы ойындары 2018 жылдан бастап өткізіледі. Алғаш рет Португалия құрамасы чемпион атағын жеңіп алды. 2019 жылы болған жарыстың финалдық сатысында Португалия, Нилерланды, Англия мен Швейцария құрамалары бәсекеге түсті. Бұл жолы Қазақстан құрамасы D лигасында бірінші топта Грузия, Латвия және Андоррамен сынға түсіп, екінші орын алды.