АСТАНА. KAZINFORM — Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партияларды үгіт материалдарын әзірлеу кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ескеруге шақырды.
— Партиялар үгіт іс-шаралары мен материалдарын әзірлеу барысында көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ескеруі тиіс. Олар сайлаушылармен кездесулер өтетін орындардың кедергісіз қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, жария іс-шараларды сурдоаудармамен сүйемелдеуге және сайлауалды бағдарламаларын қолжетімді форматта ұсынуға назар аударуы қажет. Саяси партияларды осы талаптарды ескеруге шақырамын, — деді партия төрағасы.
Еске сала кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінді.
Құрылтай сайлауында жеті партиядан 546 кандидат бақ сынайды.
Назерке Сүйіндік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ұлыбританиядағы Sussex университетінде магистр дәрежесін алған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің саясаттану мамандығы бойынша PhD докторанты. Бұған дейін BAQ.kz, Strategy2050.kz, QazaqTimes.kz секілді ақпараттық платформаларда жұмыс істеген. Қазір «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі. Халықаралық саясат, дипломатия, медиа, ақпараттық саясат және қоғамдық-саяси мәселелерді тұрақты түрде жазып келеді.