Уимблдон турнирі: Елена Рыбакина орталық кортта қарсыласын ойсырата жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 1-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші ойынын Лондондағы орталық кортта әлемдік рейтингіде 50-орындағы америкалық Кэти Макнеллимен өткізді.

Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездескен, есеп – 1:1, тең еді. 

Бұл жолы бірінші партияда Елена айқын басымдылық көрсетті – 6:1. 

Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін екінші матчболын пайдалана білді – 6:2.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Америкалық теннисші 1 эйспен шектелді. 

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен таласады. Ол екінші айналымда рейтингіде 95-сатыдағы өзбекстандық Мария Тимофееваны жолдан тайдырды – 2:6, 6:3, 6:0. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде Анна Данилинаның жұптық сында Юлия Путинцеваны ұтқанын жазған едік.