«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеуге трансферттер түрінде аудару үшін 7 010 773 250 теңге сомасында қаражат бөлінсін», - делінген Үкімет қаулысында.
Еске сала кетейік, аталған ғимарат қаңтар оқиғасы кезінде зақымдалған еді. Кейін әкімдік орналасқан ғимарат қалалық мәслихатқа берілетіні мәлім болды. Оны қайта жөндеу жұмыстары биыл көктемде аяқталуы тиіс.