«Мемлекеттік корпорация аясында бірінші кезеңде төрт ұйымды біріктіру көзделіп отыр. Оның ішінде Халыққы қызмет көрсету орталығы, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы, Жылжымайтын мүлік орталығы және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» қамтылмақ», - деді министрдің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта «Сервис Канада» атты канадалық құрылымның тәжірибесі зерттеліп, Қазақстанның бұл қызметі осы стандарттарға негізделмек. Атап айтқанда, «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер санын арттыруға мүмкіндік бермек.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы мамырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Үкімет - азаматтар үшін» атты мемлекеттік корпорация құру туралы ұсыныс жасаған болатын.