Қарағанды облысының әкімдігіне Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 2022 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыра отырып, 14 балабақшаны пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.
«Біз күш біріктіре отырып, Қарағанды облысының дамуына атсалысуымыз керек. Халықтың әл-ауқатының артуы, өмір сүру сапасының жақсаруы осыған тікелей байланысты», - деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ, Премьер-Министр Қарағандыда түрлі бағыттағы digital-мамандарды оқытатын «Терриконовая долина» IT-Hub-на барды.
«Бүгінде мемлекет IT-компанияларға көптеген преференциялар ұсынады және бизнес-инкубациялаудың түрлі бағдарламаларын жүргізеді. Бұл – елімізде, оның ішінде жастар арасында технологиялық кәсіпкерліктің экожүйесін қалыптастыру бойынша маңызды қадамдар. Осы бағыттағы жұмысты барлық өңірде жеке серіктестермен бірлесіп жалғастыру қажет», - деді Үкімет басшысы.