Үкімет сағатында білім мен ғылым саласының жай-күйі талқыланады

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 9 желтоқсанда Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Шараның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым саласының жағдайы мен басым бағыттары» жайында өрбімек. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов баяндама жасайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, министр депутаттар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беретін болады.