«Айтуға ұят, бұл бағдарлама мерзімі бойынша 2011 жылы-ақ аяқталуға тиіс еді», - деді М.Айсина.
Депутат қазірге дейін 92 мектепте балалар үш ауысымда оқып жүргенін, 189 мектеп апатты жағдайда тұрғанын атап өтті. Ал енді Үкімет Білім министрлігінен игере алмай отырған 22 миллиардтан астам теңге қаржыны алып тастауды сұрайды, бұл ақшаға кемінде 20 жаңа мектеп салуға болар еді.