ҰҚК 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК Баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: ҰҚК

Операциялар барысында бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде қылмыстық топ жетекшілері ұсталды.

Фото: ҰҚК

Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Фото: ҰҚК

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кетейік, бұған дейін шекарада 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.