ҰҚК Айдос Есполовтың ұсталғанын растады

Фото: gov.kz

АСТАНА.KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовтың ұсталғанын растады.

Оның қамауға алынғаны туралы ақпарат бұған дейін бірқатар БАҚ-та жарияланған.

— Аталған факт бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қосымша ақпарат, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Айдос Есполов «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі және Еуразия технологиялық университеті мен Alatau Asset Management Company құрылтайшыларының бірі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланған ақпарат бойынша ол ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық кезінде ақша жымқыру және пара алу ісі бойынша (шамамен 2,2 млрд теңге) ұсталды. 

Айта кетелік Қостанай облысында ормандағы ағашты заңсыз кескендер ұсталды