ҰҚК Ербол Махметовтің ұсталғанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің ұсталғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты Kazinform агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдаған болатын.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

ҰҚК агенттіктің сауалын қарастырғанын хабарлады.

— Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген ведомствоның жауабында.

Айта кетейік, Шымкентте көші-қон қызметінің бұрынғы бастығына сот үкімі шықты.