ҰҚК қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізуді тоқтатады

Фото: None
НУР-СУЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰҚК қауіпсіздік сертификатын қолдануды тестілеуді сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде кибер және ақпараттық кеңістікте киберқауіптің алдын алу жүйесіқұрылды.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы тек өткен айда ғанамемлекеттік органдар мен жеке компанияларға қатысты 8 млн мәрте вирустықбелсенділікті және 130 мың кибершабуылды анықтады. Одан бөлек, бірқатар мемлекеттікоргандарға кибертыңшылық жасау фактілері ашылды.

Сонымен қатар, сертификат енгізудің түйткілді мәселелері зерделенді, байланысоператорларының жұмысына ықпал ететін тұстары тексерілді.

Сертификат болашақта ұлттық қауіпсіздікке кибер және ақпараттық шабуыларқылы қатер төнген жағдайда ел азаматтарына алдын ала ескерту бере отырып қолданылатынболады.

Тестілеу жұмыстарының оң нәтижеге жеткенін ескере отырып, ҰҚК 7 тамызданбастап тестілеудің тоқтатылатынын мәлімдейді. Жақын арада ресми сайтта жекеқұрылғылардағы қауіпсіздік сертификатын өшіру жолдары көрсетілген нұсқаулықжарияланады.

Соңғы жаңалықтар