Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, Б.Исмайлов атты азаматты есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұстаған.
Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың «гашиш» есірткісін ірі көлемде саудалау мақсатында Ақтөбе қаласына жеткізбек болғаны анықталды.
2019 жылдың 9-ша қазанында аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында Б.Исмайловты ұстау шарасы жүзеге асырылды және одан 2,3 кг гашиш табылды.
«2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 т. 3 б. бойынша кінәлі деп танылды. Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимді түзеу мекемесінде өтейтін болады»,-делінген хабарламада.