ҰҚК Шекара қызметі темекі өнімдерін заңсыз әкелудің жолын кесті
АСТАНА. KAZINFORM – ҰҚК Шекара қызметі «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Сыпатай батыр» және «Қарасу» (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пункттерінде жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын декларацияланбаған 380 мыңнан астам қорап темекі тасымалдауын тоқтатты.
Фото: ҚР ҰҚК
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, темекі өнімдері көлік құралдары арнайы жабдықталған жасырын орыннан табылды.
Одан әрі қаралуы үшін алынған жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу департаменттеріне берілді.
Бұған дейін Қазақстан-Қырғыз шекарасында темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталғанын жазған едік.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.