«Қаншама адамның өмірін қиған апат қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Үкіметтің және жеке өз атымнан қара жамылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынамын», - деді Премьер-Министр Әлихан Самйылов.
Айта кетейік, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, кейін 45 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
Осыған байланысты Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
30 қазанда бірқатар БАҚ өрт кезінде шахтада қалып қойған 46 адамның да денесін туыстары танығанын хабарлады.