Құжаттар үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мақсатында құқықтық негіздерді қалыптастыруға және мемлекеттік органдармен байланысын нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың тиімділігін күшейту және азаматтық бастамаларды қолдау көзделген.
Заң жобалары қабылданған жағдайда үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам құрылымдарының қызметін құқықтық реттеу тетіктері жетілдіріледі. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланыс нығайып, мемлекеттік қолдау шараларын және волонтерлік қызметті дамытуға жағдай жасалады.
Бұдан бөлек, цифрлық құралдарды енгізу және тиісті салалардағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін нақтылау қарастырылған.
Мәдениет және ақпарат министрлігі барлық мүдделі азамат пен ұйымды заң жобаларын қоғамдық талқылауға қатысуға шақырады.
Заң жобаларына сілтемелер:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15934318
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15934345
Айта кетейік, Астаналық оқушының экологиялық жобасы министрлікке ұсынылды.