РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің мәліметінше, кездесу жабық форматта, яғни БАҚ өкілдерінсіз өтеді.
Ол сондай-ақ «бүгін қандай да бір жаңалық күтудің қажеті жоқ» екенін атап өтті. Себебі келіссөздер 18 ақпанда жалғасады деп жоспарланған.
ТАСС агенттігіне дереккөздің хабарлауынша, Женевадағы үшжақты келіссөздер кемінде бес бағыт бойынша өтеді.
— Бұл ең алдымен аумақтық, әскери, саяси, сондай-ақ экономикалық мәселелер және қауіпсіздіктің түрлі аспектілері, — деді агенттік сұхбаттасушысы.
Еске салайық, Украина бойынша үшжақты келіссөздердің алдыңғы раунды ақпан айының басында Абу-Даби қаласында өткен болатын.
Ресей, Украина және АҚШ арасындағы консультациялардың екінші күні тараптар 314 тұтқынды айырбастау туралы келісімге келген еді.