Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды. Жүздесу барысында Сенат Төрағасы Қазақстанның ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы аясындағы үнқатысуға бейімділігін нақтылады. Бұдан бөлек, спикер Қ.Тоқаев «Украинадағы шиеленістің шешімін табуда және үнқатысуды қалыптастыруда ЕҚЫҰ шешуші рөл атқаруы тиіс», - деп атап өтті. Бұдан бөлек, Астанадағы мерейтойлық декларациясында мәлімделген Еуразиялық және Еуро-Атлантикалық қауіпсіздік қоғамдастығын қалыптастыру туралы айта келе Төраға «ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің рухын өмірге енгізу керек», - деп атап өтті.
Кездесуде сондай-ақ Орталық Азиядағы аймақтық өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды.