Украинаның 33 азаматы Астана әуежайында заңсыз жұмыс істеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның 33 азаматы Астана әуежайында заңсыз жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Ағымдағы жылдың 19 мамырында Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана қаласы әуежайының аумағында шетелдік жұмыс күшін (33 адам) заңсыз пайдалану фактісін анықтады», - делінген хабарламада.

Тексеру кезінде ұсталған азаматтардың барлығы Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты жоқ Украина азаматтары екені анықталды. Осы арқылы жұмыс беруші шетелдік жұмыс күші мен еңбек иммигранттарын ҚР-ға тарту ережелерін бұзып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 519-бабы бойынша 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.