Аймаққа келген соң Украина Елшісі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен, кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелерімен, украиналық этномәдение бірлестіктерінің өкілдерімен кездеседі, этноауылмен танысып, Украинка ауылына барады деп күтілуде. Сондай-ақ Өскемендегі бірқатар кәсіпорындарды аралау да жоспарланып отыр.
12:23, 11 Наурыз 2012
Украинаның ҚР-ғы Елшісі Олег Демин Өскеменге келеді
ӨСКЕМЕН. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 12 -13 наурыз күндері Өскемен қаласына Украинаның ҚР-ғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Олег Деминнің зайыбымен және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенконың келуі күтіліп отыр.