«Құрметті Қазақстан азаматтары! 2022 жылы 3 наурызда таңғы сағат 08:30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Львов қаласындағы отандастарымызды эвакуациялау үшін автобус жіберуді жоспарлап отыр. Автобуста 18 адамға орын бар», - делінген хабарламада.
Елшіліктің мекенжайы: Киев қаласы, Ю.Ильенко, 26, байланыс телефоны 38 (044) 483-15-96.
Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты маңызды ақпараттарды елшіліктің әлеуметтік желідегі және мессенджер парақшалардан танысып, біле аласыздар:
Инстаграм – kazembukr
Фейсбук – KazEmbassyUkr
Телеграм – t.me/KZembassyinUKR
Бұған дейін қазақстандықтар мінген 3 автобус Киевтен жолға шыққаны туралы хабарлаған едік.
Одан бөлек, Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев Киевтегі жарылыстан қазақстандықтардың зардап шекпегенін мәлім етті.