ҰҚШҰ аясында материалдық қамтамасыз ету тәртібі өзгереді
Келісімнің мақсаты - құзыретті органдардың ынтымақтасу тетігін айқындау, сарбазды жіберуші және қабылдаушы тараптар юрисдикциясының ара-жігін ажырату, ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралымдарының құрамына кіретін адамдарға қатысты қылмыстарды тергеу тәртібін айқындау. Құжат аясында қылмыстарды жылдам және жан-жақты тергеп-тексеру тәртібі айқындалған.
Бұдан басқа, Келісімде тараптардың процестік әрекеттерді және дәлелдемелердің бірдей заң күшін өзара тануына қатысты ереже бекітілген. Тұтастай алғанда, Келісім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттермен көпжақты ынтымақтастықты жақсартуға ықпал ететін болады.
Сонымен қатар бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.
Келісімнің міндеті - ҰҚШҰ әскерлерінің топтарын қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен, материалдық құралдармен қамтамасыз ету.
Құрал-жабдықтармен мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес тараптар өз қаражаты есебінен дербес жүзеге асырады.
Келісімді ратификациялаудан кейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскерлерінің топтарын бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде Тараптардың өзара іс-қимылы мәселелері реттеледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, БҰҰ операцияларында ҰҚШҰ күштерін қолдану тәртібі айқындалды.