24 қаңтарда Астана қаласының Нұра ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқарған әскери жасақ бастығы қатардағы Буняд Музаффаров пен патрульші қатардағы жауынгер Жүрсін Ерлікұлы көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген бес жасар қызды байқады. Белгілі болғандай, ол ата-анасынан алыстап, адасып кеткен.
– Біз бұл туралы әскери жасақтар бойынша кезекшіге дереу хабарладық. 15 минуттан кейін қыздың анасы бізге келді. Анасына қызын тапсырдық, - деді қатардағы жауынгер Буняд Музаффаров.
Сәбидің ата-анасы әскери жасаққа, сондай-ақ әскери бөлімнің қолбасшылығына зор алғысын білдірді.