Ұлы қинап ұстаған: Алматыда қолы байлаулы жүрген әйелге қатысты полиция тексеріс бастады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қолы байлаулы, жалаңаяқ жүрген әйел тұрғындардың көзіне түсті.

Фото: Видеодан алынған скрин

Желіде қолы байлаулы алматылық әйелдің көшеде жүргені туралы ақпарат тарады. Видеодағы ақпаратқа сәйкес, ұлы “отбасымыздың ортасына түстің” деп, қолын байлап ұстаған. Әйел көшеге қашып шыққан көрінеді. Оны байқаған тұрғындао әйелді босатып, аяқ киім беріп, полицияны шақырған.

Алмпты полиция департаменті Алатау аудандық полиция басқармасының тергеу жұмысын бастағанын растады.

- Әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімінде түсініктеме беріп жатыр. Сонымен қатар аталған жағдайға қатысты бұған дейін полицияға ешқандай өтініш немесе хабарлама түспеген. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, Алматыда дүкен ішінде әйелге күш көрсеткен азамат іздестіріліп жатқаны айтылды.