Ұлыбритания Қазақстанның бала құқығын қорғау бағытындағы жұмысын ерекше бағалады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлыбритания Қазақстанның бала құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын ерекше бағалап, кей тұстарын өз тәжірибесіне енгізуге ниетті.

Атап айтсақ, оқушыларға тегін таңғы ас беру, мектепті бақылауда ведомствоаралық мобильді топ пен балаларға бірегей идентификатор енгізу тәжірибесі қатты ұнаған.

Бұл жайында Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Jibek Joly арнасына берген сұхбатында айтты.

Ол Лондонда  Ұлыбританияның бала құқықтары бойынша омбудсменімен кездескен.

Екіжақты кездесу барысында бала құқығына қатысты біраз мәселе талқыланды. Қазір Британ парламентінде бала құқықтары жөніндегі жаңа заң қаралып жатыр. Онда Қазақстан тәжірибесі де ескерілмек.

Айта кетейік, сенаторлар Қызылордада білім беру жүйесін трансформациялау және бала құқығын қорғау мәселесін талқылады.