Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Эпштейнмен байланысы үшін Лейбористік партиядан кетті

Фото: Питер Мендельсонның Facebook-аккаунтынан

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі және сауда жөніндегі экс-еурокомиссар Питер Мандельсон атышулы америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы үшін билеуші Лейбористік партиядан кетті, деп хабарлайды ТАСС.  

— Мен Лейбористік партияны тағы ыңғайсыз жағдайда қалдырғым келмейді, сондықтан оның қатарынан шығамын, — делінген Ұлыбритания парламентінің жоғарғы палатасы — Лордтар палатасының 72 жастағы мүшесінің партияның бас хатшысы Холли Ридлиге жазған хатында. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлады.

30 қаңтарда АҚШ Әділет министрлігі Эпштейн досьесіндегі барлық құжатты жариялағанын хабарлады. 

Британдық БАҚ жазбаларына сәйкес, олардың бірінде Мандельсонның қаржыгерден 75 мың доллар алғаны туралы ақпарат бар. Мандельсонның өзі мәлімдемесінде «бұл сомаларды алғаны туралы ешқандай жазбалары немесе естеліктері жоқ» екенін атап өтті.

2025 жылдың қыркүйегінде Эпштейн досьесіндегі кейбір құжаттардың жариялануы Мандельсонның АҚШ-тағы елші қызметінен кетуіне әкелді. Эпштейннің 50 жасқа толуына дайындалған альбомнан жарияланған үзінділерде Мандельсонның хаттары мен фотосуреттері бар. Оларда елші халат киіп жүргені, ал кәмелеттік жасқа толмағандарды зәбірлегені үшін сотталған және кейін өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болған Эпштейнді «ең жақын досы» деп атап жүр.

Мандельсонның мансабы және Эпштейн ісі 

Мандельсон 2025 жылдың ақпан айында Ұлыбританияның АҚШ-тағы елшісі болды. Ол билеуші Лейбористік партияның ең ықпалды мүшелерінің бірі саналған. Мандельсон 1992-2004 жылдары Британ парламентінің Қауымдар палатасында (төменгі палата) депутат болды, ал Тони Блэр үкіметінде Солтүстік Ирландия істері жөніндегі министр қызметін атқарған (1999-2001). Содан кейін ол Сауда жөніндегі еурокомиссар (2004-2008), ал Гордон Браун кабинетінде — Бизнес және сауда істері жөніндегі министр (2008-2010) қызметтерін атқарған. 2008 жылы Мандельсон Лордтар палатасына сайланды.

Эпштейн 2019 жылғы 6 шілдеде Нью-Йорк штатында ұсталды. Прокуратура оның 2002–2005 жылдары Манхэттендегі үйіне ондаған кәмелетке толмаған қыздарды (ең кішісі 14 жаста) шақырғанына дәлел бар екенін мәлімдеді. Эпштейннің достары мен таныстары арасында АҚШ пен өзге елдердің қазіргі және бұрынғы шенеуніктері, бұрынғы мемлекет басшылары, ірі кәсіпкерлер мен шоу-бизнес жұлдыздары болған.

Эпштейнге қатысты қылмыстық іс 2019 жылғы 10 тамызда түрме камерасында өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін тоқтатылды.

Шілде айында Трамп Эпштейнмен байланысы туралы жазғаны үшін Wall Street Journal-ды сотқа беретінін жазған болатынбыз

Трамп WSJ-ге жарияланған мақаладан кейін медиамагнат Мердокты сотқа берді

Сондай-ақ Илон Маск пен ханзада Эндрю Эпштейн ісінің соңғы құжаттарында аталғаны белгілі болды. https://kaz.inform.kz/news/ilon-mask-pen-hanzada-endryu-epshteyn-snn-songi-kuzhattarinda-atalgan-de14f9/ 
Осыдан кейін британдық ханзада Эндрю Йорк герцогі титулынан бас тартты

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы атышулы қаржыгер Джеффри Эпштейнге қатысты іс материалдарын жариялауды талап ететін заң жобасын көпшілік дауыспен қолдады

2025 жылдың қарашасында Трамп Эпштейннің құпия файлдарын жариялау туралы заңға қол қойды

Осыған дейін АҚШ Әділет министрлігі Эпштейн мен Максвелл ісі бойынша 3,5 млн беттік құжатты жариялағанын жазған болатынбыз.