Жиында Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары бағаланып, өңір бірқатар негізгі бағыт бойынша республикадағы көшбасшылар қатарынан көрінді.
2026 жылдың қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша Ұлытау облысындағы экономиканың өсуі 17 пайыз болып, бұл көрсеткішпен өңір Қазақстан бойынша 2-орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, жекелеген салалардағы даму қарқыны бойынша Ұлытау облысы республикада 1-орынға шықты. Атап айтқанда:
* құрылыс жұмыстарының өсуі — 3,3 есе,
* жеке инвестициялар көлемі — 2,2 есе.
Ал тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша өңір 14 пайыздық өсіммен республикада 3-орынды иеленді.
Бұл нәтижелер Ұлытау облысында инвестициялық белсенділіктің артып, құрылыс саласының қарқынды дамып келе жатқанын және өңір экономикасының тұрақты өсімін айқын көрсетеді.