Белгілі болғандай, олар күндіз көлікпен мал іздеуге аттанып, бірақ көліктері бұзылып, қайта орала алмай қалған.
- 112 қызметіне болған жайтты хабарлап, фермерлер көмекке жүгінді. Зардап шеккендер елді мекенге аман-есен жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес еді, - делінген хабарламада.
Осыған дейін бір күнде үш көлік жанғаны туралы хабарладық. Осыған байланысты ТЖМ ел тұрғындарына ескерту жасады.