ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Жаңаарқа кентіне 11 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, жеткізді.
Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Сонымен қатар Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды.
Абай ауданында Ақбастау ауылынан 5 шақырым жерде қар құрсауында 3 жеңіл көлік тұрып қалған. Құтқарушылар оларға жетіп, Ақбастау ауылына 5 адамды, оның ішінде 1 баланы жеткізді. Олар да медициналық көмекке мұқтаж болмаған.