Ұлытау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM - Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мерхат Сапарғалиев тағайындалды.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Мерхат Балтыбекұлы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2004 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінде бастаған.

2010-2011 жылдары Орал қалалық мәслихаты аппаратының жетекші маманы қызметін атқарған.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаржылық бақылау инспекциясында бас инспектор-ревизор болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2023 жылға дейін өңірдің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында түрлі лауазымдарды атқарды.

2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2025 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінде бас сарапшы лауазымында жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасын Рүстем Нысамбаев басқаратыны хабарланды.