Ұлытау облысында ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлытау облысында аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ҰҚК

2024 жылғы қаңтарда ҰҚКД жедел қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен Жезқазған және Сәтпаев қалаларының 4 тұрғынын ұстады.

Фото: ҚР ҰҚК

Тінтулер кезінде олардан 20 кг марихуана, 2 кг гашиш, 250 грамм «альфа-PVP» психотроптық заты және 30 «марка» деп аталатын ЛСД есірткісі алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Фото: ҚР ҰҚК

Сот санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.