Ұлытау облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының бұзылуы салдарынан Ұлытау өңірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
2026 жылғы 6 ақпан сағат 15:30–да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 24-137 шақырым аралығы (Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы);
— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 433-750 шақырым аралығы (Жезқазған қаласы — Жаңаарқа кенті).
Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 21:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұдан бұрын Астана әуежайында ауа райына байланысты 12 рейс кешігіп жатқанын жазған болатынбыз.