Ұлытау облысында жол жабылды

Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

«2026 жылғы 6 ақпан сағат 02:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автомобиль жолының 750 - 788 шақырым аралығындағы учаскесі (Жанаарқа елді мекенінен Қарғанды облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі», делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Еске сала кетсек, бүгін ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Қарағанды облысында да жол жабылғанын хабарлады.