Үлкен жекпе-жектер әлі алда – боксшы Жаңабаев үш титул үшін өткен айқаста жеңіске жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев үш чемпиондық титул үшін өткен айқаста австралиялық қарсыласынан айласын асырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кәсіпқой боксы федерациясының vk.com желісіндегі парақшасынан хабарланғандай,

Нұрсұлтан Жаңабаев үшін бұл айқас сегізінші болыпотыр.

«Нұрсұлтан Жаңабаев Австралияның Сидней қаласындағыICC Exhibition Centre аренасында өткен бокс кешіне қатысты. Оның қарсыласыретінде WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдары үшіншаршы алаңға жергілікті боксшы Стив Гаго көтерілді.

Он раундық айқас соңына дейін жалғасып, төрешілердіңбірауыздан қабылдаған шешімі бойынша (96-91, 95-92, 95-92 есебімен)қазақстандық жеңіске жетті», - делінген хабарламада.

Жаңабаев үшін бұл – сегіз айқастағы сегізінші жеңіс(бесеуін нокаутпен аяқтаған) екенін айта кету керек.

«Ассалаумағалейкум бауыр ағалар! Аллаға шүкір, жеңіскежеттік, тартысты жекпе-жек болды! Сүлеймен компаниясына және қасымда қолдаукөрсеткен аға бауырларға алғысым шексіз! Құдай қаласа алда үлкен жекпе-жектеркүтіп тұр», - деп жазды спортшының өзі Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек, осы жылдың наурыз айында AlmatyArena спорт кешенінде өткен бокс кешінде Нұрсұлтан Жаңабаев WBA Intercontinentalбелбеуін жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар